[:kz]
Қуандық Рахым, Тәуекел Мүсілім және тағы басқа жұлдыздардың қанатын қатайтып, елге танымал қылған продюсер Жанна Әбуова өз шындығымен бөлісті. Бұл туралы qazbrand.info жазды.
Продюсер ұлының атақты әншіден екендігін жасырмай айтты. Ол кім болды екен?..
Желідегілердің бірі ол Мейрамбек Беспаев болуы мүмкін десе, бірі Қыдырәлі Болманов деп жорамалдап қоймайды.
Бұған продюсердің:
„Әкесі орысша білмейді, сондықтан қазақшасы жақсы, намаз оқығысы келеді, Алла туралы көп айтады балам„ дегені түрткі болған.
Одан соң Жанна Абуова тоқал екенін де жасырмады:
„Мұсылманша неке қидырдық. Сондықтан баламның заңды әкесі бар. Заңды түрде дүниеге келді. Бірақ қазір ол мен үшін маңызды емес. Өйткені араласпаймыз. Ажырадық.
Қазір оның аты-жөнін маған айту түкке тұрғысыз. Бірақ айтсам, ертең не болады? Бүкіл Интернет шулайды. Жақсы-жаман пікірлер айтылады. Мұны менің балам көтере ала ма? Осы ғана менің аяғымның тартуыма себеп. Атын айтпаймын. Оны балам 15-16 жасқа келгенде өзі шешеді.
Ал өзі маған балам туралы айтуға тыйым салған. Әрине, көңіліме қатты келді мұнысы. Қазір қарым-қатынаста емеспіз».
[:]