АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Енем қызымен қосылып арақ ішетін»: Күйеуінен қашып кеткен тараздық келіншек жан сырын ақтарды [:]

[:kz]

Тараз қаласында туып-өсіп, кейін Алматыға қоныс аударған Гүлдана Қалиева бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықты паналап жүр. Оның үйінен қашып кетуіне отбасы мүшелерінің түгелдей арақ ішуі себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлдана өзінің сүйікті жарын Алматыда кездестірген. Кейін екеуі бас қосып, қала маңындағы ауылдардың бірінде тұрады. «Бәріне кінәлі сол арақ. Күйеуім бастапқыда ащы суға жақын екенін білдірген жоқ. Уақыт өте келе күнде ішетінді шығарды. Ішкен сайын маған қол көтерді дей алмаймын.

Бірақ жұдырық жұмсайтын кездер болатыны анық. Қазақ әйелдері күйеуінің қол көтеруін қалыпты санайды. Отбасын сақтау үшін, әрі қарай адам боп кетеді деген үмітпен ажырасуға, бөлек кетуге асықпайды. Мен де солай еттім. Талай жыл бойы шыдап келдім. Ортамыздағы ұлымыз үшін тырыстым. Ұлым әкесіз өспесе екен дедім. Алайда, күйеуімнен еш қайыр болмады. Ол өзінің тегін де ұлыма берген жоқ. Жалғыз ұлым өзімнің атымда. 

Мұның бәріне шыдап келгенде қолымызда тұратын енемнің де ащы суға тым үйір екенін байқадым. Ол да үйде жатып, ішетінді шығарды. Иә, ешкімге зияны жоқ, ештеңемен шаруасы жоқ. Бірақ, жас ортасына келген әйелдің үйде арақ ішіп жатқаны кімге ұнайды? Мұндайда береке қайдан болсын? Егер үйден арақ табылмаса, өзінің туған қызының үйіне барып, екеуі бірге ішеді. Бұл сұмдықты да көрдім. Арақтың түрлі отбасыларды ойрандап жатқанын естідім. Бірақ шешесі, қарындасы болып ішетіндерді алғаш көруім. Бүгінде бәрінен баз кешіп, қандай да бір көмек болар деген ниетпен дағдарыс орталығын паналап жатырмын. Ұлымның оқуы не боларын да білмеймін. Туыстарымнан көмек жоқ. Әке-шешем қайтыс болған. Қандай қиындық болса да, болашақта жақсылықтан үміттімін«, — дейді Гүлдана.

kaz.nur.kz

 

[:]