[:kz]
Жұлдыз Әбдікәрімова өз анасы мен жолдасы Қайрат Нұртастың құшақтасып тұрған фотосымен бөлісіп, көпшілікті бір қуантып қойды. Желідегілер суретте күлімдеп тұрған енесі мен күйеу баласына риза болып, оларға қатысты пікірлерін қарша жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ. </
Посмотреть эту публикацию в Instagram
p>
Қайрат Нұртас пен енесінің фотосы Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram парақшасында жарияланған. Онда олардың табиғат аясында күлімсіреп тұрғандарын көруге болады. Хитменнің туған анасы желіде анағұрлым танымал әрі белсенді болса, енесі ғаламтор кеңістігінде мүлдем көрінбейді. Ал эстрада жұлдызы екеуінің фотолары тіптен сирек кездесетін дүние болып табылады.
Желідегілердің бұл суретке ерекше сүйсінуінің себебі де осында жатыр. Оқырмандар Қайрат Нұртас пен енесінің арақатынасына әрі өзара сыйластығына тәнті болған.
«Керемет көрініс» , «Аса сирек кадр деп осыны айт. Енесі мен күйеу баласынан көз ала алмай отырмын» , «Сыйластықтары жоғары деңгейде екені фотодан-ақ көрініп тұр» , «Қайрат Нұртас енесімен жақсы араласатын секілді» , «Қандай жылы фото. Жүрегім елжіреп кетті.
Екі жақтың тату-тәтті өмір сүргеніне не жетсін» , «Жарайсыңдар, Қайрат пен Жұлдыз екі жаққа да бірдей бола білетін жұптардың бірі» , — деп жазуда олар.
Источник: NUR.KZ
[:]