[:kz]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде полицейлер көлігі қараңғыланған (тонировка — еск.) көлікті тоқтатқан видео тараған болатын. Автокөлік иесі Антикор қызметкері екені айтылған болатын.
Агенттік мәліметінше, Ербол Назарбаев 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен қызметінен босатылған.
[:]