[:kz]
Танымал «Орда» тобының солистері Ерболат пен Есболат Беделханның ата-анасы жол апатынан көз жұмды. Қаралы хабарды журналист Ришат Асқарбекұлы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Орда» тобындағы Ерболат, Есболат, Жанболат Беделхан деген үш жігіттің әке- шешесі бір күнде көлік апатынан қайтыс болыпты. Өздері де қос дауыста ән айтатын талантты жандар болған екен. Иманды болсын», — деп жазды ол Facebook парақшасында.
Әншілердің анасы жағынан туысы Жұбатгүл Самбууқызы да бұл қаралы хабарды растап, көңіл айтты.
«Жәмилә апайымыз бен Беделхан жездеміздің мезгілсіз (жол апатынан) дүниеден өтуіне байланысты Қазақстанда тұратын Әбілхан әулетіндегі барлық аға, әпкелерім, Есей аға, Темірбек аға, Гүлнәр әпкем, Назгүл әпкелеріме барша ағайын-туыс, балаларына қайғырып көңіл айтамын» , — деді ол.
Есстеріңізге сала кетсек, әнші Жанар Хамитованың өзіне қол жұмсап көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
[:]