[:kz]
«Бұл әңгіме өтірік. Ешқашан мен саунада бейтаныс қызбен жүрген де емеспін. Камераға да түскен емеспін. Журналистер, сендердің осындай өтірік интригаларың бітпейді. Аман болыңдаршы», — деді.
«Жарайда, ер азаматпыз ғой. Әңгімені ашып айтпай-ақ қояйық», — деді журналист қысқа қайырды.
Ерболат Төлегенов өзінің қаламақысы бар екенін жасырмайды. Дос-бауыр деп сыйласатын жақындарым бар, ақысын сұрайтын азаматтар да бар дейді.
«Қасымда жүрген, көмекке мұқтаж, дос-сыйлас жан болса, тегін жарнама жасауға дайынмын. Талай солай істедім де. Тек бұға берген сайын сұға бергісі келетін, тегінге үйреніп алған адамдар да көп. Ондайда мен ақысын сұраймын. Мен ақымды жегенді жек көремін. Біреулер секілді іштен тынып, көз жұмып қарағым келмейді.
Егер менікі дұрыс болса, талап етемін. Жақында бір қызбен 450 мың теңге үшін сөзге келіспей қалдық. Алматы телеарнасыда болған жағдай. 450 мың теңге деген аз ақша емес қой. Қазір 450 теңгенің өзі ақша. Мен өзгеден тегін зат алған емеспін. Бір кірпіш, бір қасық алып көрмеппін. Бәрі өз маңдай теріммен келген. Сондықтан ақшаның оңай келмейтінін білем. Сол үшін маған тиесілі ақшаны алуға барымды салам», — деді әзілкеш.
[:]