АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ердоған: Әзербайжанды қалай қолдасақ, Иерусалимде Палестинаны солай қолдаймыз![:]

[:kz]

«Түркия Иерусалимде палестиндіктерді Таулы Қарабахта Әзірбайжанды қалай қолдаса, солай қолдауға дайын» деді Түркия президенті Тайып Ердоған.

«Біз террористік Израиль мемлекетінің қысымына ызамен қараудамыз. Израиль барлық қызыл сызықтан өтіп кетті. Біз Әзірбайжанның өз жерін басқыншылардан азат ету жолындағы күресін қалай қолдасақ, бүгін Иерусалимде езгіге ұшыраған Палестин халқын тура солай қолдауды бастаймыз. Сириямен шекаралас аймағымызды қалай қорғаштасақ, тура солай қорғауға әзірміз», — деді Ердоған.

Ердоған 19 елдің президенттерімен және үкімет басшыларымен Газадағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізген. 8 мамырға қараған түні Шығыс Иерусалимде палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында ауқымды қақтығыстар басталды.

Дүйсенбі күні кешке Израиль мен Палестинаның Газа секторы арасындағы қақтығыс шиеленісе түсті. Израильдің елді мекендеріне зымырандық шабуылдар үздіксіз жүруде,  ал Израиль күштері Газа аймағына жойқын соққылар жасауда. Палестина тарапынан 120 адам қаза тапса, Израиль жағынан 9 адам көз жұмған.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]