АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ердоған ерекше құзыретке ие болмақ[:]

[:kz]

Без названияТүркияда ел Конституция­сына өзгертулер мен толықтырулар ендіруге қатысты бүкілхалықтық референдум болып өтті. 

Елдегі 56 миллион сайлаушылардың 51,4 па­йызы Конституцияға енді­рілетін өзгертулерді қолдап шықты.

Бүгінде Түркияның Пре­зиденті Режеп Тайып Ердоғанның бастамаларын қолдаушылар өз жеңістерін де тойлап жатыр. Ал билікке қарсы оппозиция референдум нәтижелерін мойындамау­да. Осыған қатысты елдің бірқатар ірі қалаларында наразылық шерулері болып өтті. Полиция шерушілерге қатаң шара қолданған жоқ, тек тым көзге түсіп, тиым салынған ұран көтерген оншақты адамды қамауға алды.

Бүгінде бұл жағдай түрік қоғамын екіге бөліп тұр. Ердоғанды жақтаушылар Президентіміз Түркия­ны қуатты мемлекетке айналдырады десе, оған қарсы шығушылар Ердоған елді тығырыққа тірейді, Түркияның Еуроодаққа мүше болуға ұмтылысына түбегейлі нүкте қояды дейді. Ердоғанның Түркия­да өлім жазасын қайта ендірмек ойы да көпшілікті сескендіріп отыр.

Осыған қатысты жұртшылық арасында теке­тірестер орын алуда. Мысалы, елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр провинциясында бол­ған төбелес кезінде 3 адам қаза тауыпты.

…Қысқасы, егер референдум нәтижесі толықтай мойындалса, Түркия парламенттік республикадан президенттік республикаға айналады, яғни Президенттің жеке дара басқаруына өтеді.

Ал Түркия парламенттік республика болып 1923-жылы жарияланған екен. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, арада 94 жыл өткесін ол басқарудың жаңа тәртібіне бағыт алмақ. Енді бес-алты күннен соң референдумның түбегейлі нәтижелері нақтыланады. Ердоғанды жақтаушылардың дегені болса, оның қолына шексіз билік тигелі тұр. Ондай жағдайда бұл елде Премьер-министр деген лауазым болмайды. Президент Конституциялық Соттың судьялары мен Жоғарғы Кеңестің мүшелерін, соттар мен прокурорларды жеке өзі тағайындауға құзірет алады. Қажет санаса, Парламентті таратуға да құқы болады. Қандай да бір жағдайға қатысты төтенше жағдай ендіруді де жеке өзі шеше алады.

…Режеп Тайып Ердоғанның жасы таяуда ғана 63-ке толды. Ол кезінде 5 жыл бойы Түркияның Премьер-министрі болған. Түркия Республикасының Президенті қызметіне 2014-жылдың тамыз айында сайланған еді. Егер кешегі өткен референдум нәтижесі әділ деп мойындалса, Конституцияға ендірілген өзгерту-толықтырулардың арқасында ол кісі Түркияны 2029-жылға дейін басқаруға мүмкіндік алмақ.

Д. НҰРПЕЙІС.

Zamana.kz

 

[:]