АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Ердоған қазан айында Қазақстанға келеді [:]

[:kz]

 

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен IV дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара аясында ол Түркия президенті Режеп Таийп Ердоғанмен кездесті, деп хабарлайды парламенттің ресми сайты. Парламент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәжіліс төрағасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен зор ықыласын жеткізіп, Түркияда алғаш рет өткізіліп жатқан дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуымен құттықтады. «Жыл өткен сайын біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық артып келе жатыр.

Бұл Өзіңіздің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынастарыңыз бен жемісті диалогтың нәтижесі деп білемін.  Осы орайда Сіздің осы жылғы қазан айына жоспарланған Қазақстанға сапарыңызды асыға күтудеміз. Бұл сапар бауырлас елдеріміздің арасындағы тығыз қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі нығайуына зор мүмкіндік туғызатынына сенімдіміз», – деді Ерлан Қошанов.

Қошанов Қазақстан келесі V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс бергенін айтып, түркі қоғамдастығы оны қолдайтынына сенім білдірді.

kaz.nur.kz

[:]