[:kz]
Еркенің Сеул қаласынан жолдаған сәлемі желі қолданушыларының күдігін оятты. Олар Еркенің бұған дейін пластикалық ота жасатқанын жарыса жазып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ShowNewsKZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Енді қай жеріңді өзгертесің? Бәрін өзгертіп болдың ғой. Көзің, мұрның, жағың бәрі өзгерген. Бұрынғы Ерке екеуің мүлде басқасыңдар», — деді желі қолданушылары.
Еркенің желідегі жазбасына зер салсақ, оның құлағына қатысты кеңес алғаны байқалады.
Алайда ол дене мүшесін өзгертпейтіні жазған.
«Ешнәрсені де өзгертпейтін болып шештім. Осы түрмен де өтіп тұрмын», — деп жазды Ерке.
«Қыздардың жасанды мүшелері бірден көзге түседі. Жанынан қарағанда тіпті жаман көрінеді. Маған ұнамайды», — дейді актер Диас Аблаев.
Әнші Ayree де пластикалық отаны құптамайды.
«Ота жасаған жоқпын. Жасамаймын да. Мен үшін ол жат нәрсе», — деді ол.
Ал, Мақпал Исабекова қажет болып жатса бас тартпайтынын айтты.
[:]