АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Еркек болсаң, дәлелде!» деп ән салған әнші қыз көпшіліктің сынына ұшырады[:]

[:kz]

Есімін жасырып, Kween-Т лақап атымен шығып жүрген әнші ару «Еуразия бірінші» арнасындағы «Пендеміз ғой» бағдарламасына келді. Сұқбат кезінде бойжеткен өзінің киім кию үлгісі мен әндерінің сөзіне тиіскен қонақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бағдарлама барысында әнші арудың образы мен әніне түрлі сыни пікірлер айтылды.

Бойжеткен олардың басым бөлігінің негізсіз екенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол аталған әннің қандай мақсатта және кімге арналып жазылғанын да жайып салды.«Дәл осы «Еркек болсаң дәлелде» әнін өзім секілді өзіне сенімсіз қыздарға арнағым келді. Мәселен қыз жігітімен ұрсысып, ол оны ренжітті. Ал қасында бәрі жақсы болады деп жұбататын ешкім жоқ.

Егер әнімнің сөзін жақсылап тыңдаған болсаңыздар, барлығы қолдауды қажет ететін жандарға арналады. Жұбату үшін, түсіндіру үшін», — дейді Kween-Т.

Сонымен қатар, әнші қыз нағыз ер адамдардың қандай болу керектігін атап өтті.

«Біз қазақтың қыздарымыз ғой. Еркек өзін батыр ханзада секілді лайықты ұстауы керек. Қыздардың көңілін табу керек. Жігіт сөзіне жауап беру керек дегенді оларға ешкім айтпауы мүмкін ғой», — деді ару.

Бойжеткен өзінің образдарын ұят санап, киім үлгісін сынаған адамдарға да жауап беруді жөн көрді.

«Мен мінез-құлқымды киіміммен жеткіземін. Біреу одан ұятты, біреу стильді көреді. Әркім ұятсыздығының деңгейіне қарай көреді», — деп жауап берді ол.

  

[:]