[:kz]
Зәуре Бейсебаева есімді қазақ әйелі өз тағдырын баяндады. Бәйбіше әйел күйеуіне екі тоқалды өзі алып берген. Отағасы он тоқалға дейін алуға лайық азамат дейді өзі. Екі тоқалмен бірге тату-тәтті тұрып келген бәйбіше өзге келіншектерге кеңесін айтты.
Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтылды.
Зәуре Бейсебаева бір кездері шаңырағы шайқалғанда жолдасымен ажыраспақ болған. Алайда анасының ақылын тыңдап, отбасын сақтап қалған екен. Ажырасқаннан өзім күйеусіз, балаларым әкесіз қалар еді дейді. Сондықтан өзі бастап жолдасына екі тоқал әперген екен.
«Анам айтты ажырасқаннан не ұтасың деп. Ол кезде жаспын. Жастықпен жеңіл жолға түсер ме едім? Күйеуіме 10 тоқал алып беремін деп келдім бәріне. Себебі күйеуім соған лайық азамат. Оның еңсесі әрдайым көтеріңкі болғанын қалаймын. Ішім қан жыласа да, қызғансам да, солай істедім. Қызғанған кездерім, ренжіген кездерім, ұрыс болған кездер болды. Алайда оның бәріне көнемін», — деді ол.
Зәуре апайдың жалғыз ұлы өмірден өткен. Жолдасының үшінші тоқалы да бақилық болып кетті. Оның өліміне Зәуре апайды кінәлайтындар бар екен. Алайда мұны өзі жоққа шығарады.
«Мен үшінші тоқалмен көзінің тірісінде араласып келдім. Тату болдық. Мені бекерге кінәлайды. Оның жерлеу рәсімінде де өзім болдым. Егер мен кінәлі болсам, жолдасыма тоқалдыққа алып бермес едім. Өз ұлым да өмірден озды. Оған бастапқыда өзімді, басқаларды кінәлап жүрдім. Кейін жазмышқа көндім. Ұлымды алғаныммен құдай екі ұл берді. Үшінші тоқалдан екі ұл қалды. Оны асырап-бағып отырмын. Қартайғанда бізге қолғанат болар деп ойлаймын, — деді Зәуре Бейсебаева.
Айтуынша, қазір қоғамда кәрі қыздар, жесір әйелдер көп. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығатындар, жеңіл жүріске салынатындар көп. Осындай жолды таңдағанша тоқал болып, некеге отырып, ұрпақ көбейткені жақсы емес пе?
Зәуре ханымның айтуынша, әрбір әйел күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат беру керек.
«Еркектерді түзге жіберіп тұру керек. Егер оның көңіл-күйі жақсы болса, төсекте өз әйелін де қанағаттандырады. Өмірге сау бала келеді. Себебі шала тірліктен шала бала туады. Менің жолдасым көпшіліктің адамы болды. Оны о бастан білдім. Сондықтан осындай қадамға бардым», — деді Зәуре Бейсебаева.
Отағасының екі-үш әйел алуына сіз қалай қалай қарайсыз, оқырман
[:]