[:kz]
Дзюдошы Ерлан СЕРІКЖАНОВ – Азия чемпионы. Бұл туралы Жас Алаш ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыстың алғашқы күні татами шеберлері бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
48 келіде сынға түскен Галбадрах ОТГОНЦЭЦЭГ финалда қытайлық Янан ЛИГЕ жол беріп қойса, осы салмақта бақ сынаған Ақмарал НАУАТБЕК қола жүлдегер атанды.
60 келіде ерлер арасында белдескен Ғұсман ҚЫРҒЫЗБАЕВ қола медаль тағынды. Ол кіші финалда өзбекстандық Шарафудин ЛУФТИЛАЕВТАН басым түскен. Тағы бір қола медальді 57 келідегі Севара НИШАНБАЕВА иеленді.
66 келі салмақ дәрежесінің ақтық сынында қос қазақ дзюдошысы кездесуі қажет еді. Елдос ЖҰМАҚАНОВТЫҢ жарақатына байланысты, Ерлан Серікжанов Белдеспей-ақ Азия чемпионы атанды.
Ерлан Серікжанов былтыр 2018 жылы Бакуде өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған еді.
Фото: informburo.kz
Жас Алаш
[:]