[:kz]
Қытайлық жолаушы пойыздағы жиылмалы үстелдің үстіне аяғын қойып, тырнағын алды. Оның бұл ісін басқа жолаушы, видеоға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі, Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар Цзинань қаласына жолға шыққан. «Жұбайлар пойызға мінген сәттен шулады. Олар мінгенше іште тыныштық сақталған еді. Бір кезде екеуі аяқ-киімдерін шешіп, үстелдің үстіне қойып тырнақ ала басталды», — дейді роликтің авторы.
Видеоны түсірген әйелдің сөзінше, жолаушылар олардан басқа жерге отыруды сұраған. Бірақ қытайлықтар пойыздағы азаматтардың сөзіне мән бермеген.
[:]