[:kz]
Ернар Айдар 8 наурыз күні көшедегі қыз-келіншектерді, арулар мен аналарды құттықтап көңілін көтерді. Әнші аруларға бір шоқ гүлі мен сыйлығын ұсынды. Көпшілік алғысын айтып, батасын берді.
Ернар Айдар көшеде қызмет етіп жүрген жұмысшы әйелдерді, қыз-келіншектерді, аналарды, аруларды құттықтап, сыйлық таратып берді. Көпшілік онымен естелік суретке түсіп, алғысын айтып жатыр.
«Бәрекелді, аналарымызды көңілін көтергенің үшін рахмет! Азаматсың. Жігітсіз», — деп мақтауын асырды әншінің әрекетін көрген көшедегі азамат.
Ернар Айдар мүмкіндігі шектеулі жандардың да көңілін аулап, құттықтап қайтты. Ризашылығын білдірген аналар мақтауын асырды. Ақ батасын берді.
«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген ғой дана халқымыз. Кешегі құттықтаудан естеліктің бірі», — деді әнші сол сәтті жүктей отырып.
Желідегі әншінің оқырманы риза болып, рахметін айтып жатыр.
«Қандай керемет адам, Алланың нұры жаусын», «Ернар өте керемет. Аман бол, бауырым», «Алла разы болсын, рахмет, Ернар, аман бол», «Қазақтың бір баласы Ернар Айдардай-ақ болсыншы. Қазақтың қыз-келіншектерін мейраммен құттықтап жүр емес пе? Ернарға Алланың нұры жаусын!», — деп жазды олар.
[:]