[:kz]
Танымал шоу-бизнес өкілі, хит әнші Ернар Айдар алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жұбайы қыз баланы өмірге әкелген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Тағы да әпке болдым. «Жалғыз қыз» деп Алла сіңлілерімді көбейтіп жатыр. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Аллаға шүкір», — деп жазды әншінің қарындасы.
Ал хитменнің отбасындағы қуанышты естіген көпшілік жарыса ақ тілегін жолдаған.
«Құтты болсын», «Бауы берік болсын», «Сіңлің құтты болсын», «Сәбидің өмір-жасы ұзақ болсын» деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдар 2017 жылдың тамызында шаңырақ көтерді.
[:]