[:kz]
Белгілі саясаттанушы, ұзақ жылдар Елбасының кеңесшісі қызметін атқарған Ермұхамет Ертісбаев «Ответ Бажкеновой» бағдарламасында Тұңғыш президенттің немере інісі Самат Әбішті Ресей президенті Владимир Путинмен салыстырды. Оның айтуынша, Назарбаев Самат Әбішті өзінің мұрагерлерінің бірі ретінде қарастырған болуы мүмкін.
Мәселен Ресейде қауіпсіздік қызметтерінде ұзақ жылдар істеген Путин ғайыптан жарыққа шығып, президент болды. Самат Әбішті де Путин сияқты қауіпсіздік қызметінен Мемлекет басшылығына алып келу жоспары болуы мүмкін. -Тіпті сол кездері Назарбаев оны Путинге таныстырыпты деген әңгімелер айтылды. Мен Самат Әбішпен 3-4 мәрте қарым-қатынаста болдым. Ол өте тартымды, зиялы, тәрбиелі адам ретінде әсер қалдырды,-деді Ертісбаев. Бірақ Самат Әбіштің президент болуына танымал еместігі кері әсер еткен. Сондықтан Назарбаев мұрагерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевты дайындаған. Самат Әбіш 2013 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орнынбасары, 2015 жылдан бастап бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Бұл қызметтен ол биыл қаңтар оқиғасынан кейін босатылды.
www.oinet.kz
[:]