[:kz]
Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жаңа шақырылымда бұл қызметті атқармайтынын мәлімдеді.
Ол президентке және парламент басшылығына заң шығару процесінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Рақмет. Мен тіпті Facebook-те де жарияладым. Болды, мырзалар, тынышталыңыздар. Кейбіреулер мені зейнетке шығарғысы келетін. Мен кетемін», — деді Божко.
Алайда ол болашақта қандай іспен айналысатынын шешпегенін айтты.
«Жеті немерем бар, сондықтан істейтін жұмыс бар», — деп толықтырды ол.
Божко президент пен парламент басшылығына алғыс айтты.
«Себебі менің жасымда… Ең бастысы мен мұнда бай тәжірибе жинадым. Бұған дейін де заң шығару процесінде қызмет еттім, бірақ бұл жерде, әрине, барлығына қажет теңдессіз тәжірибе бар. Ол тәжірибе маған әлі де көмектеседі. Сондай-ақ, мен мәжілісті басқарудың өте тиімді процесінде қызмет еттім, ал оны Нұрлан Зайроллаұлы (Нығматулин) басқарды. Ол бұл салада біздің академик. Ешкім ұйықтамады, барлығы қауырт жұмыс істеді», — деді Божко.
Айтуынша, 2019 және 2020 жылдары әлеуметтік және қаржылық қолдауды күшейтетін көптеген заң қабылданды.
«Екіншіден, қабылданған заңдарға сәйкес екі триллионға жуық теңге жалақы және әлеуметтік жәрдемақы түрінде азаматтарға берілді. Мен, қиналсам да, бес жыл жұмыс істегеніме ұялмаймын», — деп түйіндеді ол.
[:]