[:kz]
Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды. Төрт және алты жасар бауырлар тоңазытқыш ішінде қалып көз жұмды.
Ата-анасы балаларын жергілікті уақыт бойынша сағат 11.55 шамасында іздей бастады, бірақ оларды бес сағаттан кейін ғана тапты. Екі бала үйдің ауласында тұрған ескі тоңазытқыштан табылды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, балалар тығылмақ ойынын ойнап жүріп тоңазытқышқа кіріп алған. Тоңазытқыштың есігі жабылып, ішінен ашылмай қалған.
Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.
stan.kz
[:]