[:kz]
22 желтоқсан күні елдегі сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі жалғасуда. «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізу жұмыстарына көшті. Қарғалы аудандық филиалы да науқанға сақадай сай дайындықпен келгенін мәлімдеп, үгіт-насихат кезеңінің іс-шараларын Әлімбет ауылында өткізуде.
22 желтоқсанда партияның аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Н.Заглядова, Д. Сарина, С.Спан, А.Аманжолов пен С.Кубенкулова партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен Әлімбет ауылының тұрғындарымен жүздесті. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады. Осы мақсатта Әлімбеттегі үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» науқанымен толықты. Акция аясында аудандық мәслихат дептутаттығына үмітерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындарға таратпа қағаздар таратылып, ауданның алдағы бес жылда атқарылатын жұмыстары сөз етілді.
Халық нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап, ауыл мен аудан бойынша түйткілді мәселелерімен бөлісті. Тыңдалған талап-тілектер негізінде арнайы тізім жасақталды. Тұрғындардың басым бөлігі жылу, қоқыс, жарықтандыру, аула тазалығы мен спорт алаңдарын салу мәселесі бойынша шағымданған. Айта кетелік, көтерілген мәселелер ауданның 2021-2025 жылдар аралығында жоспарланған жұмыстарында шешімдерін таппақ.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Қарғалы
ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.
[:]