[:kz]
Танымал әнші, эстарада жұлдызы Жігер Аупбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында елдегі ескі ұшақтарды жою қажеттігін ашық айтты. Ол сондай-ақ отандық әуе компанияларының ұшақтары тексерістен өткізу керектігін мәлім еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Instagram Фото: Instagram](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/90e54d84d3f39296.jpg?imwidth=900)
Фото: Instagram
Өнер иесі бүгін Алматы облысы Қызылту ауылында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтқан. Сонымен бірге ол отандық әуе компаниялары жұмысына көңіл толмайтынын жеткізген.
«Air Аstana-дан бастап, Scat, Fly Arystan, Qazaq Air, Bek Air деген компаниялардың ұшақтарының бәрін тексерістен өткізуді талап етіп, ескі ұшақтардың көзін құртқызу керек.
Жүрегім-ай! Жаратқан өз панасына алсын. Аллаһым апаттан марқұм болған мұсылман жандардың тіршілігінде біліп,білмей жасаған күнәларын кешіріп жәннаттық қылғай», — деп жазған ол.
Желі қолданушылары қайғылы оқиғада қайтыс болған жандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтқан.
Олар: «Иманды болсын», «Ажал айтып келмейді, бекем болыңыздар», «Аман қалғандар тездетіп отбасыларымен қауышсын» деген тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Бұған дейін апаттан қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болғанын хабарлағанбыз.
Ал зардап шеккендер тізімін мына жерден көруге болады.
[:]