[:kz]
Қазақстанның бас онкологі ішек рагі ауруының қалай пайда болатыны туралы айтты. Ол қызыл ет аз жеу керектігін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір ішек рак ауруы ер адамдар мен әйелдерде тең болып тұр. Бізде қызыл ет көп жейді. Сенатта сөз сөйлегенімде аптасына бір рет ғана ет жеу керек дегенімде, барлығы күлді. Содан кейін бас онколог бешбармақ жеуге тосқауыл салды деген мәлімет шықты. «Бешбармақсыз қалай болады» дейді. Көбісі маған қарап «Бізге ет бешбармақ жеуге тосқауыл қоясың» деп айтып жатады. Бірақ қызыл ет ішек рак ауруын тудырады», – дейді бас онколог «Оңай емес» бағдарламасында.
Диляра ханым әр адамға дәрігер емес, дос ретінде қарайтынын айтады. Өйткені рак ауруымен ауырған адамға шындықты айту қиын дейді.
[:]