[:kz]
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов билікке деген сенімді кетірді деген себеппен отставкаға жіберілген еді
Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды.
«ҚР премьер-министрінің өкімімен Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды», — деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.
Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, премьер-министр кеңсесінің басшысы, бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарған.
2018 жылдың 20 маусымында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалып, биыл 30 шілдеде отставкаға кетті. Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді деген болатын.
[:]