[:kz]
Шымкентте Ұлыстың ұлы күніне орай «Қошқар Ата сейілі» көктем мерекесі өтті. Бұл жыл сайын Наурыз мерекесінің алдында ұйымдастырылатын дәстүрге айналған шара. Яғни, қатарынан төртінші жыл өтіп келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көктем мерекесінде концерттік бағдарламадан бөлек қазақтың түрлі салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртатын қойылымдар өтті. Сонымен қатар ұлттық ойын түрлері де бұл күні ұмыт қалмады.
«Қошқар ата» бұлақ басында өткен мерекеде Шымкент әкімі екі бүлдіршіннің тұсауын кесті. Осы сәтте тұсауы кесілген бүлдіршін қыздың туыстары тәй-тәй басқан сәбиге «болашақта Ғабидолла Әбдірахымов секілді жігітке тұрмысқа шықсын» деп тілектерін жаудырды.
Айта кетерлігі, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада Шымкент басшысы елдің тыныштығы мен тұңғыш президентіміздің амандығын тілеп, қаланың көркеюіне әрбір азамат үлес қоса берсін деп құрбандық шалды.
[:]