АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Ғаламторда хит болған құрылысшы қыз демеуші іздейді (видео)[:]

[:kz]

 

Құрылыста жүріп ән салған Дана Серікбайдың танымалдылығы күн санап артып келеді. Ғажап дауыс иесі атақты әнші болсам деп армандайды. Әлеуметтік желі жұлдызымен Express Qazaqstan тілшісі сұхбаттасты.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылының тұрғыны Дана Серікбай айналдырған бірнеше күннің ішінде бұлайша танымал болып кетем деп ойламаған. Құрылыста жүріп ән салған оны құрбысы видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеп жіберіпті.

Дананың айтуынша, осы бейнежазбадан кейін оған жазылушылар мен пікір қалдырғандар көп болған. Бірақ әзірге танымал продюсерлерден ешқандай ұсыныс түспепті. Десе де әнші болуды бала кезінен армандаған қыз демеуші табылса, өнерін ары қарай дамытпақ.

«Алматыға осыдан 4 ай бұрын келгенмін. Құрылыста жұмыс істеп жүрмін. Сырлаймыз, әктейміз, тазалаймыз дегендей. Қазір жұмыс істеп жүрген жерім күніне 8 мың теңге табамын. Ғаламторда кең таралып кеткен видео өткен аптада түсірілген. Жұлдыз деген құрбым түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберді. Содан бірнеше күн өткеннен кейін танымал болып шыға келдім. Қазір өнерімді әрмен қарай дамыту үшін демеуші іздеп жатырмыз. Продюсерлерден әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Бірақ ток-шоуларға, хабарларға шақырып жатыр», — дейді Дана Серікбай.

Дана Серікбай
Дана Серікбай

Дана Алматыға келмес бұрын Қызылордада кафе-мейрамханаларда ән айтқан екен. Тұрмысқа шыққанымен, күйеуімен дәм-тұзы жараспапты. Араларында бір бала бар. Алматыға арман қуып келген құрылысшы қыз, танымал әнші болсам деп армандайды.

?

[:]