АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ғалым тез арықтаудың жолын айтты [:]

[:kz]

Профессор күн сайын жаттығу жасағанша, майлы тамақтан бас тартқан дұрыс дейді

Артық салмақтан арылуға дене жаттығуларынан гөрі диета көп көмектеседі, дейді Техас университетінде спорт медицинасының профессоры Филипп Стэнфорт.

 

Ғалымның пікірінше, дене жаттығуларына 
уақыт пен күш көп кетеді. Ал тез арада арықтау үшін тамақтану рационынан калориясы жоғары, май мен көмірсуға бай өнімдерді алып тастау жеткілікті. 

«3500 калорияны жұмсау үшін 56 шақырымға жуық жол жүру керек. Ал, мәселен «Сникерс» шоколадты батондарында 500 калория бар делік. Күн сайын сегіз шақырым жол жүргенше, сол «Сникерсті» жемеген артық», —  дейді Стэнфорт. 

Басылым ақпаратынша, түрлі зерттеулер нәтижесі ғалымның сөзін растап отыр. Мәселен, 20 ғылыми жұмысқа жасалған шолу ақуызы көп, калориясы төмен диета дене жаттығуларына қарағанда салмақ тастауға көбірек көмектескенін көрсеткен. Ал тағы бір зерттеу кезінде жаттығудың семіз балалар үшін артық салмақтан арылуға көмегі аз екені анықталды.

 

 sputniknews.kz

Read more: https://sputniknews.kz/society/20180109/4227967.html

[:]