АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ғалымдар аз ұйықының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді [:]

[:kz]

 

Алты сағаттан аз ұйықтайтындардың жүрек-қантамыр ауруына шалдығу қаупі зор. Испания мен АҚШ ғалымдары осы тұжырымды дәлелдеді, деп хабарлайды EurekAlert!.

Ұйқы
 

Зерттеуге 3 974 испан қатысқан, олар тәжірибе барысында ұйықтау және ояу жүру уақытын есептеп отыратын актиграф атты құрылғыны тағып жүреді. Еріктілерді түнгі демалысқа бөлетін уақытына қарай төрт топқа жіктеген. Бұдан бөлек, зерттеуге қатысушылардың дертін анықтау үшін эхокардиография және компьютерлік томографиядан өткізген екен.

Тәжірибе нәтижесінде алты сағаттан аз ұйықтағандарда атеросклероз дертіне шалдығу қаупі 7-8 сағат ұйықтайтындарға қарағанда 27 пайызға жоғары екені анықталды. Оның үстіне, мазасыз ұйқы және түн ішінде жиі ояну қантамыр ауруларына шалдығу ықтималдығын 34 пайызға өсіреді екен. Бірақ, керісінше, тым көп ұйықтау, яғни түнгі ұйқы сегіз сағаттан асып кетсе де, атеросклероз ауруына шалдығу қаупі бар.

Бір қызығы, аз ұйықтайтындар кофе немесе ішімдікті жиі пайдаланатын болып шықты.

Атеросклероз — қантамырлардың ішінде холестериннің түйін тәрізді жинақталып қалуы. Холестерин сіңген кезде әуелі сары дақ түрінде болып, бара-бара түйінге айналады. Түйіндер өзара қосылып кетеді. Салдарынан тамырдың ішінде жаралар пайда болып, кальций тұздары шөгіп, тамыр қатаяды, қан өтуі баяулайды.

sputniknews.kz/

 

[:]