АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ғалымдар коронавирусты асқындырып жіберетін ауруды атады[:]

[:kz]

Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы коронавирустан болатын өлімді 4,5 есе арттырады. Қытайлық ғалымдар осындай тұжырымға келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сонымен, жүрегінде ақауы бар науқастардың өлімі жүрек-қан тамыр жүйесімен ауырмайтын пациенттерге қарағанда анағұрлым көп болған.»Уханьдағы COVID-19 жұқтырған көптеген пациенттерде жүрек аурулары жиі кездеседі, бұл ауруханаға жатқызу кезіндегі өлімнің жоғары деңгейін түсіндіруі мүмкін», — дейді ғалымдар.

Жүрек ауруы бар адамдарда пневмонияның ауыр түрі он есе жиі дамитыны айтылған. Мамандар жүрек жұмысының бұзылу механизмі мен оны COVID-19 емдеу кезінде әрі қарай да зерттеу маңызды екенін айтты.Еске сала кетсек, елімізде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 121 адамға жетті.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында 48, Қарағанды қаласында 4, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында — 1, Ақмола облысында — 1 адам — жалпы 121 науқас тіркелді.

 

[:]