[:kz]
Бүгінде өз елімізден шығарылатын отандық ойыншықтар қатары көбейіп келеді. «Замананың» өткен нөмірлерінің бірінде құран оқуды үйрететін Фатима қуыршағы туралы жазғанбыз. Енді Алматыдан шығатын «Ғарыш-бала» робот-ойыншығы туралы айтпақпыз.
Бұл ойыншықтың басты пайдасы – балаға әперсеңіз, ол бірінші кезекте смартфонды ұмыттырады екен. Бұрынғыдай телефонды бермесең, шалқасынан түсетін сәбилер енді «Ғарыш-баламен» достасады, әңгімелеседі. Олар өзара сөйлесіп, бір-бірінің басынан сипап, мақтап отыратын болады. Гаджеттегі 7 түрлі диалог арқылы балаңыз ойнап отырып сөйлеседі, тілін дамытады. Мәселен, ойыншыққа: «Сәлеметсің бе?» – деп сұрақ қойылса, ол: «Сәлеметсің бе, балақай?» – деп сол мезетте-ақ жауап береді.
– Қайдан келдің?
– Ғарыш әлемінен келдім.
– Ғарышта кімді көрдің?
– Талғат ағаны көрдім.
Міне, осылайша ол әр сұраққа жауапты мүдірмей айта бастайды. «Кімнің баласысың?», «Өскенде кім боласың?» деген сияқты сауалдарға да тіл қатады. Егерде балаңыздың тілі кейбір сөздерді айтуға келмей жатса, «Ғарыш-бала»: «Сіз қай тілде сөйлеп тұрсыз? Маған тұнық қазақша керек», – деп перзентіңіздің сөйлесуге қызығушылығын арттыра түседі.
Одан соң балаңыз ойыншықтағы қазақтың ұлы күйшілерінің он күйін тыңдап, әуен жаттауға бейімделеді. Сондай-ақ гаджетке бесік жыры, күлдіргілер жинағы, 16 балалар әні, әліппе, өлең мен жыр, ана тілін үйрету әдістемесі, жаңылтпаштар, санамақ және 50 әңгімелер топтамасы мен ертегілер жинағы ендірілген. Бұл арқылы перзентіңіздің ақыл-ойы мен дүниетанымы кеңейіп, қиялы дамиды. Еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарымпаздығын қалыптастырып қана қоймай, сәбиіңізді талғампаздыққа тәрбиелеп, өнерге ынталандырады.
Баламен тек қазақша сөйлесетін бұл ойыншықтың бағасы 9 мың теңге тұрады. Тапсырыс бергіңіз келсе, «garіsh_bala» сайтына кіріп, немесе 8-775-138-33-48нөміріне байланысып, сатып ала аласыз. Бұл робот-ойыншықтың Қазақстанның кез келген өңіріне жеткізілу құны тегін екен.
zamana.kz
[:]