АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Гауһар Әлімбекова мен Бақыт Назарова ел алдында татуласты[:]

[:kz]

 
Бір-бірін 40 мың доллар үшін кінәлап, сотқа дейін барған Гауһар Әлімбекова мен Бақыт Назарова татуласты. Бұрынғы құрбылар «Евразия» бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасында бір-бірінен кешірім сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гауһар Әлімбекова, Бақыт Назарова. Фото: "Пендеміз ғой" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Гауһар Әлімбекова, Бақыт Назарова. Фото: «Пендеміз ғой» бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Бағдарлама барысында Бақыт Назарова жағдайдың қандай болғанын көпшілікке бір қайтара айтып берді.»Аппелияциялық соттың шешімімен қалай келісе аламын? Ол аппелияциялық сот Әлімбекованы толық қорғап, бостандыққа шығарып жіберді. Ал енді бір жыл бұрын Әлімбекованы «Куәгерден, жауапкерге алынсын. Оның іс қимылдарында қылмысқа қарсы іс бар екен» деген үкім шығарып, істі қайта тергеуге жіберген болатын.Соның нұсқауымен, тергеушілер тергеп, прокурорлар жаза шығарды. Ал енді судья екі — үш ай сот ісін жүргізді. Саралады. Әр жақты тыңдап, дәлелдерімізді сараптамадан өткізді. Барлық уәждерді жинады. Ол үлкен жұмыстың жиынтығы болатын. Соның арқасында судья алты жылға бас бостандығынан айырды.

Аппелияциялық соттың нұсқауымен үлкен жұмыс істеліп отыр, екі судьяның, «сегіз жылға бас бостандығынан айыруға жаза кескен» прокурорлардың, тергеушілер бар, менің уәждерім, бұлтартпайтын дәлелдерім бар», — дейді Бақыт Назарова.

Сондай-ақ, жәбірленуші Гауһар Әлімбекованың 2013 жылы үйіне шақырусыз келіп, даулы пәтер жайлы айтқанын жеткізді.

«2013 жылдың қаңтар айының 20-сы немесе 23-інде шақырусыз келді де: «Апай сізге жақсы бір жаңалықпен келіп отырмын. Білесіз ғой, менің үш жыл бұрын пәтер алғанымды. Соны мен үш жылда рәсімдеп алдым ғой. Енді соның реті тағы келіп тұр. Өзіме 2-3 пәтер жасаймын. Сізге де бір пәтер жасап, жақсылық жасайын» деп үйге келді. Оның шарты қалай? «Қазір сол адамға 40 мың долларды беріп қоюымыз керек.

Жазда ол пәтер шығады. Ал енді бір жылдан кейін пәтер рәсімделеді» деді. Сол кезде ғана баламызбен екеуміз үлкен пәтер алып, «ух» деп отырғанбыз. Қалтамызда ақша жоқ. Қайта көлігімізді кепілге беріп, өзімізде аз ғана несие қалған. Болды осымен отырғанбыз.

«Гауһар, қазір ақшам жоқ. Пәтер алатын да менің ойым жоқ еді. Жақсылықпен келіп отырсың. Мен сені түсінемін. Бірақ менде ондай ақша жоқ» дедім. Менің пәтерім әлі құрылыс компаниясында тұрды. Оның қашан шығатынын білмеймін.

Содан кейін Гауһар маған «Апай, сіз маған қалай сенсеңіз, мен де сізге солай сенемін. Мен қазір 40 мың долларды төлеп қояйын, сол адамға. Пәтер шыққаннан кейін, сіз несие алыңыз да, маған қайтарып беріңіз. Сізге мен қалай сенсем, сіз де маған солай сеніңіз. Жарайды, мен бере тұрам» деді. Содан мен қалдым. Ақшам, беріп тұрған түгім жоқ», — дейді 40 мың долларынан айырылған әйел.

Сондай-ақ әншінің бұрынғы танысы сол жылдың сәуірінен бастап Гауһар Әлімбекованың өздерінен қарызды қайтаруды сұрағанын да жасырмады.

«Сәуір айынан бастап балам «Мама, Гауһар апай мазалай бастады. «Ақшаны қашан бересіңдер? Мен сендер үшін ақша төлеп қойдым. Бастай беріңдер» деп, қайта-қайта хабарласып жатыр. Мама, екеуміз жинайықшы. Ұят қой. Қолымызда барды сата тұрайықшы. Қайтарып берейік, сосын құжат шыққаннан кейін қайтарып береміз» деді. Көлігімізді, алтынымды, шубамды саттым. Несиеміз болатын оны жауып, қалған 14 мың долларды балам қолына ұстатып келді.

2013 жылдың 6 маусымында балам түнгі сағат 22:00-де ақшасы Гауһардың қолына ұстатып келді. Оған сенімдімін. Қолхат сұрамадым. Ол менен 40 мың долларға қолхат сұрамады. Мен қалай сұраймын. Гауһардың ақшаға деген бір жақындығын көрген жоқпын. Содан кейін тамыз айында Гауһар баламды шақырып алады да, үйді көрсетіп, таңдатып қояды. Құжаттырының көшірмесін алады», — деді Бақыт Назарова.

Жәбірленушінің айтуынша, сол жылдың қыркүйегінде Гауһар Әлімбекова оның ұлын шақырып алып, компанияға алып барған.

«Қыркүйек айында Гауһар баламды компанияға апарып, өзі сыртта қалады. Екеуі Ордабаева деген адамнан ақша алады. Ордабаева Тимурға «Мынаны бір түрікке апарып бер» дейді. Қандай ақша екенін білместен, балам оны түрікке береді. Гауһар балама «Тимур кіріп, менеджерге барасың. Құжаттарды береді. Қолыңды қоясың. Ешқандай сұрақтар болмайды. Құжаттарды аласың, далаға шығасың» дейді.

Балам бәрін айтқанындай істеп, кілтті алып далаға шығады. Сол кезде Гауһар алдынан шығып «Мына құжаттар рәсімделу керек. Маған қалдыр. Кілтті ала ғой. Енді мынау сендердің пәтерлерің» дейді. Осылай іс басталған болатын. Пәтердің кілтін ғана алдық. Құжатын алған жоқпыз.

Ол пәтерден бір себептермен біз айырылып қаламыз. Ұлым «Мама, бір құжаттарға қол қойдым. Қарап-оқып үлгермедім» дейді. Қарап, «Мына жерге қой» деп тұрған. Сөйтсек, ол құжаттарымыз келісімшарт екен. Өйткені, ол пәтердің айлық төлемін төлемеген соң, шартты бұзып, компания пәтерді өзіне қайтарып алады. Ал Гауһардың айтуы бойынша, пәтер бір жыл ішінде рәсімделу керек», — деді Бақыт Назарова..

Бағдарлама соңында Қарлығаш Бекпатшақызы есімді қоғам белсендісі екі тарапты татуласуға шақырды.

«Гауһар айналайын, қазақтың бір ерке қызысың. Қазақтың қыздары, әйелдері дана көреген. Алла сізге елдің еркесі болып, алдында жүруге мүмкіндік берді. Осындай даулы тірлікпен одан сайын танымал болып отырсыз. Қазір халықтың жамандыққа жаны құмар болып кетті.

Ал енді осы бір мүмкіндікті пайдаланып, Гауһар айналайын, сіз кішілік жасап, Бақыт ханымнан кешірім сұрап, осы дүниені садақа жасаңыз.

Болары болған екен. Оны қуып, қаза бергеннен ештеңе шықпайды. Сізге ана дүниеде сарай соғып береді. Екеуіңізде осыны тоқтатсаңыз, сіздерге Алла риза болады. Орныңыздан тұрып кешірім сұрасаңыз, сіз «Кешірдім. Садақа» десеңіз, Алла жақсылықты үйіп-төгеді. Қазақ атасы өлгенді де кешірген.

«Екі қатын ұрысса, бір-бірінің мінін айтады» дейді. Қазір мін айтып отырсыздар. Дүниені адам қолмен ұстау керек. Жүрекке жақындатпау керек», — дейді Қарлығаш Бекпатшақызы.

Бұл сөзге Бақыт Назарова иіліп, әншіні кешіруге дайын екенін жеткізді.

«Қазір тәубесіне келсе, дайынмын. Гауһар Алланың сүйікті құлы. Оған кешірім беріп, басқа жолмен дәрежесін көтереді. Тәкаппар адамды Алла сүймейді», — деді Бақыт Назарова.

Гауһар Әлімбекова да жәбірленуші Бақыт Назаровадан кешірім сұрады.»Мен кінәлі емеспін. Бірақ халық үшін сізден кешірім сұраймын, Бақыт апай», — деді әнші.

 
  

[:]