[:kz]
ЛГБТ жалаулары бар үш қыз киімсіз Нұр-Сұлтанның орталық көшесінде жүріп өтті.
Нұр-Сұлтанда ЛГБТ-митингісін астана мен Алматыда ұйымдастыруды қолдау мақсатында белсенділер акция өткізді, деп хабарлады КТК арнасы.
ЛГБТ жалаулары бар үш қыз жалаңаштана Нұр-Сұлтанның орталық көшесінде жүріп өтті. Видео Facebook-тегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жарияланды. Белсенділер қазақстандықтарды махаббат пен соғысқа қарсы әрекет етуге шақыратын бейнеролик түсірген. Жастардың лозунгы «Make Love. Not War» сөйлемі болды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдігіне 22 тамызда ЛГБТ митингін өткізуге өтініш түскен.
[:]