АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Геннадия Головкин мен Сергея Деревянченконың жекпе-жегіГоловкиннің жанкүйерлерінен не жасырғаны белгілі болды [:]

[:kz]

Головкиннің командасы қазақстандық боксшының жекпе-жек алдында ауырып қалғанын құпия ұстауды жөн көрген

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегі алдында ауырып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Геннадий Головкинмен араласатын промоутер Эдди Хирн айтты.

«Эдди Хирн GGG-дің жекпе-жекке ауырып шыққанын хабарлады. Ол өзін жайсыз сезінген. Боксшының командасы мұны құпия ұстаған», — деп жазды FightHub журналисі Маркос Виллегас желідегі парақшасында.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті.

Бой Геннадия Головкина и Сергея Деревянченко
© REUTERS / JOE CAMPOREALE/ USA TODAY SPORTS
Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өткен жекпе-жек

Кездесу 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті. Осылайша, ол кәсіби рингтегі 40-шы жеңісіне қол жеткізіп, орта салмақта IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жектен кейін екі боксшының да ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

Sputnik Қазақстан.

[:]