[:kz]
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті қызметіне танымал актер Арман Асенов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: brod.kz
Арман Асенов «Қазақфильм» киностудиясының жаңа басшысы атанды. Осыған дейін бұл қызметі Бақыт Қайырбеков атқарған.
Асенов 1972 жылы 17 сәуірде Германияның Веймар қаласында дүниеге келген.
Ол — актер және продюсер.
2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.
1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, киностудияда түрлі қызметтерде болған.
Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.
Бірқатар мемлекеттік және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
[:]