АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Германияда Қазақстан дипломаттары жол ережесін көп бұзады[:]

[:kz]

Германиядағы Қазақстан дипломаттары жол ережесін көп бұзады. Бұл туралы Жас Алаш vesti.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Былтырғы жылы Германияның Берлин қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен келген дипломаттар 21 700 рет жол ережесін бұзған. 79 жол апаты тіркелген екен. Жиырма жеті жол оқиғасында 34 адам түрлі дене жарақатын алған. Жергілікті полицияның ақпаратына сүйенсек оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілер де болыпты.

vesti.ru сайты Қазақстан дипломанттарының нақты қанша рет жол ережесін бұзғаны туралы жазбаған. Тек жолда тәртіпті көп бұзатын елшіліктердің тізімі жарияланыпты. Олар: АҚШ, Ресей, Греция, Йемен және Қазақстан.

Фото: drive2.ru

Жас Алаш

[:]