АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Германияда сауық құрған 8 қазақстандық магистрант оқудан шығарылды

[:kz]

Германияда тағлымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 
 
Видеодан кадр: YouTube / Басе

Видеодан кадр: YouTube / Басе

Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды.

Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр.

Еске сала кетсек, аталған магистранттар шулы отырыс кезінде видеоға түсіп қалған. Ролик желіде тарап кетті. Сондай-ақ видеодағы Германияда іс-тәжірибеден өтіп жүрген қазақстандық магистрант азаматтар екені айтылды.

Сот төрелігі академиясының студенттері жанжалды бейнеге қатысқаны туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, оқу орнының әкімшілігі бұл жағдайды анықтап, оның нәтижелерін жариялауға уәде берген.

Айта кетсек, көршілес Ресейде сатирик-жазушы Михаил Жванецкийдің ұлымен төбелескен қазақстандық студенттердің бірі қамауға алынған еді.

[:]