[:kz]
Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісі расталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Комсомольская правда» газетіне сілтеме жасап.
Санкт-Петербугтегі «СМС сервис» компаниясы «Голос. Дети» балалар ән байқауында ресми түрде хабарламалар мен қоңырауларды есептеген.
Алсудың қызының жобадағы шулы жеңісінен кейін компания қызметкерлері дауыс беру нәтижелерін қайта тексерген.
Сейсенбі күні қайта қараудың ресми хабарламасы шыққан болатын. Қайта тексеру нәтижесі бойынша, хабарласқандардың барлығы тіркелген абоненттер болып табылады.
Арнайы жасап алынған қоңыраулар мен хабарламалар жоғы, хакерлік шабуылдың болмағаны, дауыс беру дұрыс жүзеге асқандығы дәлелденді.
[:]