АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Голос. Дети» байқауындағы шудан соң Алсу балаларын Ресейден алып кеткен [:]

[:kz]

«Голос. Дети» байқауындағы даудан кейін Алсу балаларын алып Ресейден кетіп қалған. Әншінің құрбысы жұлдыздың отбасымен саяхатқа аттанғанын айтып берді деп жазады «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Алсу балаларын алып саяхатқа аттанды. Ол осылай болған оқиғаның бәрін ұмытпақшы», — дейді әншінің құрбысы.

Алайда Любовь Успенская Алсудың дәл қазіргі сәтте қай елге демалысқа кеткенін айтпады.Айта кетейік, «Голос. Дети» байқауының алтыншы кезеңінен соң Алсу мен оның кіші қызы Микелла Абрамованың басы дауға қалды. Байқаудың көптеген көрермендері, шоудың әділ өткеніне сенімсіздік танытқан болатын.

Ал Алсудың құрбысының айтуынша, бұл шуды әншіге қарсы адамдардың шығаруы мүмкін. «Бұл мүмкін кек қайтару шығар. Мүмкін оған біреу кектеніп жүр. Бірақ біз бәрін қандай да бір себеппен кеш біліп жатамыз ғой. Егер жеңімпаз Алсудың қызы болмағанда, ешкім көңіл де аудармас еді», — деді «360 Тв»-ға сұқбат берген әншінің құрбысы Любовь Успенская.

Еске сала кетейік, «Голос. Дети» музыкалық жобасында әнші Алсудың қызы жеңіп кеткеніжеліде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағыз жеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатарресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

  

[:]