[:kz]
«Құрсақ ана» қызметі кәсіп көзіне айналғанын айтып, сарапшылар дабыл қақты. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды. Телеарнаның мәліметінше, жатырын жалға беретіндердің дені — 18-27 жас аралығындағы қыз-келіншектер.
Суррогат ана боламын дегендер өздерін толық сипаттап, телефон нөмерлерін қалдырған. Телеарна тілшілері солардың біріне хабарласып көрген.
«Гонорарым 3 миллион. Негізі, басында көтерген кезде 1,5 миллион теңге береді. Туғаннан кейін 1,5 миллион береді. Барлығы келісімшарт бойынша өтеді. Ай сайын 100 мың теңгеден беріп тұрады», — дейді суррогат аналардың бірі.
Желіде суррогат ана болғысы келетіндер ғана емес, оның қызметіне жүгінушілер де көп. «Болашақ» суррогат ана орталығының директоры елімізде бөтен әйелдің көмегімен бала сүйгісі келетіндер аз емес екенін айтады. Бірақ олардың саны туралы нақты есеп жоқ.
Тек кейбір дереккөздерде суррогат аналардың көмегімен жылына шамамен 100-200 отбасы сәбилі болатыны айтылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша былтыр 30 шақты отбасы нәресте сүйген. «Жүктілікті қоса есептегенде, жүзден аса суррогат ана бар. Аналық жасушаның донры ретінде 300 адам кезекте тұр.
Суррогат ата боламын деген қыздар көп, бірақ өтетін адамдар өте аз», — дейді «Болашақ» суррогат ана орталығының директоры Нүрия Уайысова. Жатырды «жалға» алу мен берудің тәртібі «Неке және отбасы туралы» Кодекстің тоғызыншы тарауында көрсетілген. Онда суррогат ананың жасы мен денсаулығы туралы нақты мәлімттер берілген. Заңгердің айтуынша, «жалдамалы» ана мен тапсырыс беруші азаматтың арасындағы келісімшарт осы заңнамаға сәйкес жасалады.
«Суррогат ананың жасы 20 мен 35 жас аралығында болуы тиіс. Екінші талап — арнайы медициналық ұйымның қорытындысы. Яғнм, денсаулығы, психикалық және репродуктивті денсаулығы дұрыс екені дәлелденуі керек. Үшінші талап – суррогат ананың дені сау баласы болуы керек», — дейді заңгер Олжас Лекеров.
Дін өкілдері жатырды жалға беру шариғатқа қайшы екенін айтады. Суррогат ана арқылы дүниеге келген бала исламда некесіз туған бала болып саналады. «Ерлі-зайыптының аталық ұрығы мен аналық жасушасын біріктіріп, оны суррогат ана рөлін атқарушы бөтен бір әйелге салу – шариғатымызға тыйым салынады. Өйткені шариғатта әйелдің жатыры ақылы да, жалға да, бөтен адамға, бөтен кісілерге жалға берілмейді. Өкінішке қарай, елімізде 14 мыңнан астам ерлі-зайыптының сәби сүюге мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан, ажырасу көп. Сондықтан кейбір отбасы суррогат ана жалдау — жанұяны сақтап қалудың бір жолы санайды», — дейді наиб-имам
[:]