АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Грузия президенті орысша сөйлеуден бас тартты[:]

[:kz]

Грузия президенті Саломе ЗУРАБИШВИЛИ Грузиядағы әзірбайжан диаспара өкілдерімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты. Мемлекет басшысының пікірінше, орыс тілі республика халқын  біріктірмейді. 

ruposters.ru басылымының жазуынша президент Саломе Зурабишвили Наурыз мерекесімен құттықтау үшін Гардабани қаласына барған. Әзірбайжан диаспарасы тұратын қала халқы мемлекеттік тілді жөнді білмесе де орыс тілінде сөйлеуден бас тартқан. 

«Мен сіздермен орыс тілінде сөйлеспеймін. Бұл бізді біріктіретін тіл емес. Мен әзірбайжанша бірнеше сөз үйрене аламын. Біздің болашағымыз бір тілде сөйлеуімізге байланысты», — деді мемлекет басшысы. 

Саломе Зурабишвили 2018 жылы қараша айында өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен. Билікке келген ол ресми Мәскеу саясатын сынап, НАТО мен Еуро Одаққа кіру жолын ұстанатынын мәлімдеген. Кремль Абхазия мен Оңтүстік Осетияны жаулап алғанын мойындағанда барып келіссөз жүргізетінін айтқан-ды. 

zhasalash.kz

[:]