АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Гүлнұр Оразымбетова есейген ұлын көпшілікке таныстырды[:]

[:kz]

Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке есейген ұлын көрсетті. Желідегі оқырманы әншінің ұлын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. 

Әнші Гүлнұр Оразымбетова ер жеткен ұлын көпшілікке көрсетті. Ұлын ел алдында туған күнімен құттықтады. Желідегі оқырманы да ақ тілегін арнап жатыр. 

 

“Туған күніңмен, балам. Жолың әрдайым ашық болып,алға қойған барлық мақсаттарыңа жет, күнім. Әкеңнің айтқан ақыл-кеңестерін ешқашан есіңнен шығарма. Құрметті бол. Қымбатты менің инста оқырмандарым, достарым! Сырымға жолдаған тілектеріңіз үшін алғысым шексіз. Бала-шағаның қуанышын көруді бұйырсын, баршамызға”, – деп жазды Оразымбетова.

Желідегі оқырманы әншінің ер жеткен ұлын көріп тамсанды. Енді бірі құттықтауын жеткізді. 

“Ғұмыры ұзақ денсаулығы мықты болсын! Үмітіңді ақтасын”, Туған күні құтты болсын! Ата-ананың ақ сүтін ақтайтын бала. Өзінен кіші інісіне қамқор аға болсын, жан-жағына сыйлы, достары көп ер-азамат болсын. Өмір жасы ұзақ болсын”, “Гүлеке, ұлыңыздың туған күнi құтты болсын! Сiздердi қуантып жүре берсiн”.

“Сəлеметсіз бе!!! Туған күні құтты болсын!!! Өмір жасы ұзақ, тұғырлы, ғұмырлы, мəнді, сəнді болсын. Қуанышы, көрер, көрсетер қызықтары көп болсын. Қатарының алды болсын. Алар асулары мол болсын. Болашағы жарқын болсын. Әр күні, әр қадамы нұрға толы болсын. Шығар шыңы тек биік шың болсын. Жақындары мәңгі қасында болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз бақытқа толы болсын. Қосағыңызбен қоса мəңгі қол ұстасып балапандарыныздың қызықтарына тоймай жүре беріңіздер”, “Туылған куні құтты болсын сырдың сұлу жиеннің! Бакытты да баянды өмір сүр”, – деді олар. 

[:]