АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Гүлзира Айдарбекова: Қайрат пен Димашты бір-біріне айдап салу дұрыс емес[:]

[:kz]

 

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді бір-біріне айдап салып жүргендер барын айтып, ренішін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

TengriTV атты парақшада Гүлзира Айдарбекованың Димашты Қайратпен салыстыратындарға айтқан сәлемдемесі жария болды. «Кеше ғана менің постымның астына сұрап жазыпсыздар: «Гүлзира ханым, Димшақа тиіскеніңіз рас па?» деп.

Менің өнердегі достарым, бауырларым да «біз оған сенбейміз, кім жазған» деп жатыр. Берік Найман деген жігіт менің суретімді қойып қойып, астына менің атымнан пост жазып, Facebook-те таратып, чаттарға тарқатыпты», — деп сөзін бастады Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың анасы Димашқа ор қазбайтынын айтуда. «Жолы болсын, енді. Бірақ мен сондай дәрежем төмен, ой-өрісім төмен адам емес шығармын, біреудің баласына ор қазып. Димаш ол елімізді мойындатқан барлығымыздың мақтанышымыз. Қайрат сияқты, Димаш сияқты ер азаматтар көбейе берсін», — деп көптің көкейіндегі сауалға жауап берді Айдарбекова.

Айдарбекова Қайрат пен Димашты бір-біріне қарсы қоюды доғару керектігін ескертті. «Осы Димашты салыстыратын басқа адам жоқ па? Мен соны түсінбеймін. Неге алып келіп, біздің өмірге кірістіре береді? Бұл дұрыс емес, балаларды бір-біріне қарсы қою, бір-біріне айдап салу — өте дұрыс емес нәрсе.

Олар бір қаны қазақ болғаннан кейін, бауырдай өмір сүріп, бір-бірін қолдап, әрқашанда бір-біріне бақыт тілеуі керек. Осылай арасына от салып, енді ол аздай анасы мен баласының арасына от салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ойланайық, жақсы сөйлейік», — дейді Айдарбекова. Продюсер ашуын келтірген азаматты міндетті түрде табатынын алға тартты. «Міндетті түрде Берік Найманды тексереміз, оны табамыз. Осы уақытқа дейін сыртымнан қанша өсек айтып жатса да, білгендерін жасап, өтірік тақырып қойып, ұрыстырып жатса да, мен үндеген емеспін. «Аллаға тапсырдым» деп қоятынмын.

Бірақ енді бұл жолы жатқан жыланның құйрығын басып, тиісе бергеннен кейін мүмкін емес бұған шыдау. Міндетті түрде Берік Найманның нағыз кім екенін тауып, маскасын шешіп, өздеріңізбен бөлісуге тырысамын», — деп ойын түйді ол. 

Одан бөлек, Еркеге «Қайда» әнін жазған композитор ең қымбат әнін Қайрат Нұртасқа сатқанын жазған болатынбыз.

 

 

[:]