АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының қалыңдығына сырға салды (фото, видео) [:]

[:kz]

 

Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас отбасылық өмірге қадам басты. Күні кеше жұлдызды әулет құдаларының алдынан өтіп, келіндеріне сырға тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың болашақ жарының үйіне барып, ата-анасының алдынан өткенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабардар етті

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

. Одан бөлек, Instagram кеңістігінде жұлдызды құдалықтың суреттері мен видеолары да тарап кеткен. Айдарбековтер әулеті құдаларының үйіне барып, қазақтың дәстүрі бойынша келініне сырға таққан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

Бейнежазбалардан құдалықтың аса көңілді өткенін аңғаруға болады. Құдалар бір дастархан басына жайғасып, билеп, жастарға деген ақ тілектерін айтып жатты. Сонымен қатар, салт-дәстүрге сай қос тарап киіт алмасты. Олар бір-біріне бағалы киімдер кигізіп, құнды заттар тарту етті. Желі қолданушылары шаңырақ көтергелі жатқан жастарды жарыса құттықтап, оларға деген жылы лебіздерін білдірген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

«Көтерген шаңырақтарың биік болсын», «Жұлдызды әулеттің үшінші келіні құтты болсын», «Жастар бақытты болсын», «Келіндеріңіз сұлу екен. Көз тимесін», «Махаббаттарыңыз баянды болсын», «Сондай жарасымды жұп», — деп жазуда көпшілік. 

 

kaz.nur.kz

 

[:]