АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Гүлзира Айдарбекова туған күнінде ауызашар беріп, дүркіретіп той жасады[:]

[:kz]

 

54 жасқа толған Гүлзира Айдарбекова туған күнінде ауызашар беріп, артынша дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Гүлзира Үсенқызы туған күнінде көпшіліктің алдында ұл-келіндерімен бірге шықты. Дүбірлі тойға ел Қайратпен ажырасты деп ойлаған Жұлдыз келіні де келді. Оған үйдің кенжесі Заңғар Нұртас алғыс білдірді. 

«Келгеніңізге рахмет, жеңге, бәріміз қуаныштымыз», — деді ол. 

Той кезінде Нұртас Айдарбеков жұбайына арнап ән орындады. Сондай-ақ, Қайрат Нұртас хит әндерін шырқады. 

Тойға келген қонақтар Айдарбекованың құшағын гүлге толтырды. Тойға қатысқан эстрада жұлдыздары әлеуметтік желіде қызықты кадрлармен бөлісті. 

 

 

 
 

[:]