АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Хакерлер Ресей сайтын бұзып, Украинада шын мәнінде қанша орыс сарбазының мерт болғанын жазып қойған [:]

[:kz]

 

Хакерлер Ресейдің ТЖМ сайтын бұзып, Украинадағы соғыста 13 000 орыс жауынгері қаза тапқанын жариялады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сайтқа кірген ресейліктер Төтенше жағдайлар министрлігінің басты бетіндегі сенім телефоны ресейлік нөмірден украин нөміріне өзгертілгенін байқапты. Сондай-ақ онда әртүрлі  ақпарат орналастырылған, кейін сайт техникалық қызмет көрсетуге жабылып қалыпты. 

Сонымен қатар сайтта «Ресейлік БАҚ-қа сенбеңіздер — олар өтірік айтып жатыр», «Украинадағы соғыс жайлы толық ақпарат», «Ресей дефолты жақын» деген ақпараттар жазылған. 

Әзірге мұны нақты кімдердің істегені белгісіз. 

[:]