АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Халқының тілегіне қарсы заңдар шығаратын елдің азаматтығынан бас тартамын!» — Балғынбек Имаш[:]

[:kz]

Айтыста әндетіп айтатын қағытпа қалжыңдарымен танылған ақын Балғынбек Имаш  халқының қалауына қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің азаматтығынан бас тартпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Ақынның айтуынша, оның балаларына екпені ешкім мәжбүрлей алмайды екен. Бұл жайлы ол, Instagram парақшасында жазды.  Онымен қоймай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың @tokayev_online парақшасын білгілеп қойды. Сірә ол, «еститін үкімет» есебін берер деп дәмеленген секілді. 

«Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!

Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!
Әншейін ғана тұмаудың бір түріне «Covid — 19» деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.
— Әлемді үрейлендіру!
— Әлемді кедейлендіру!
— Әлемді басқару!
— Әлемді вакцинациялау!
— Әлемді құл қылу!

Жоқ, маскалы мырзалар!!!

— Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!
— Бізге Ризықты Алла береді!
— Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады!
— Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз!
— Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз!
Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым!», — деді екпе салдыруға қарсы айтыскер.

Сондай-ақ Конституциялық құқығы тапталатын болса, Қазақстанның азаматтығынан бас тартатындығын айтқан Балғынбек Имаш балаларының тіпті, тұмаумен де ауырып көрмегенін жеткізді.

«Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, тұмаумен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар!
Менің балаларым — менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!

Мен Қазақстан Республикасының азаматымын! Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің азаматтығынан бас тартамын!», — деді ол желідегі жазбасында. 

Естеріңізге сала кетейік, танымал спортшы Қуат Хамитовтың да екпеге қарсы екендігі жайлы жазған болатынбыз.

 

[:]