АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Халықаралық IT-компания «Голос. Дети» байқауындағы дауыс санын қайта тексереді[:]

[:kz]

Бірінші арна халықаралық Group-IB компаниясының «Голос. Дети» байқауындағы дауыс санын қайта тексеретінін мәлімдеді.

Group-IB компаниясы кибершабуылдар мен күрделі сандық тексерулерді жүзеге асырады. Компания мамандары тәуелсіз тергеу жүргізіп, телефон қоңыраулары мен SMS-хаттарды санайды. Өзге де технологиялық қабылдауларды есепке алады. 

«Голос. Дети» жобасының жеңімпазына дауыс беру жүйесіне кедергі келтіретін техникалық мүмкіндіктің бар-жоғын анықтаймыз. Яғни серіктес компания қоңыраулар мен SMS-ті біріктіре ме, әлде оның кейбір қызметкерлері дауыс беру нәтижелеріне өзгерістер енгізе ме, жоқ па деген сұраққа жауап іздейміз. BIG DATA массивін, дауыс беру кезінде өзгерістерге ұшырату мақсатында бот секілді кедергілер қолданылған-қолданылмағанын тексереміз», — дейді Group-IB комапинясының басшысы Илья Сачков.

Әзірге тексеру нәтижесі шыққан жоқ. 

Айта кетейік, байқауда әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жеткен соң жанжал туды. Светлана Лободаның жетекшілігіндегі Микелла 56,5%, Ержан Максим 27,9% дауыс жинап екінші орын алған еді. 

stan.kz

 

[:]