АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Халықтың ақшасымен таласты: 42500 теңге алған әншілер кімдер?[:]

[:kz]

Қарантин кезінде 42500 теңгені кімдер алды? Ал қай әншіге бұйырмады? Эстрада жұлдыздарының өмірі үнемі ел назарында. Сондықтан да олар зәулім сарайда тұрып, қымбат көлік мініп, жарқырап жүруге тырысады. Шоу бизнес өкілдерінің өмірі шынымен де ертегідегідей ме?

Бұл туралы Жұлдыздар жарқырайды бағдарламасында айтылды. 

Карантинде табыссыз қалған жұлдыздар қалай күн көріп жатыр?

«Әншілер қалай күн көріп жатыр деп бәрі мысқылдады. Сіздер қалай күн көрсеңіздер біз де солай. Бастысы басымыз аман, отбасымыз аман. Шетелге шығып, жылдағыдай демалмасақ та, тоқырап қалған жоқпыз», — деді Жеңіс Ысқақова. 

Ал Роза Рымбаева зейнетақымен күн көргенін жасырмайды. 

«Зейнетақыға қарап қалдық. Маған жәрдемақы берілмейді. Мәди студент болғандықтан алды. Әлиге берген жоқ», — деді Рымбаева. 

Мақпал Жүнісова өтініш бергенімен жәрдемақы ала алмағанын айтады. 

«Мен өтініш бердім, бірақ бермеді. Менің көлік жүргізушім бар. Оған 100 мың төлеймін. Квартплатама 130 мың теңге берем. Бір әулет маған қарап отыр. Оның бәрі ақша», — деді халық әртісі. 

Әдетте тойда 7 мың долларлар қаламақы сұрайтын жұлдыздардың 42500 теңгеге жармасқанын көпшілік құп көрмеді. Әншілердің қара халықтың ақшасымен таласқанын айтып, жерден алып, жерге салды. 

Мұны қолдаған Жазира Байырбекова халықтың ақшасына таласуға ұятымыз жетпеді дейді. 

«Менің кішігірім сұлулық салоным бар. Аз да болса көмектесті. 42500 теңгені сұрауға ұятымыз жетпеді. Ол көп балалы отбасылардың өзіне жетпей жатыр», — деді әнші. 

42500 теңге алған әншілер арасында Қарақат Әбілдина, Бүркіт, Жігіттер тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов, Серікбол Сайлаубек, Дәурен Айдарқұлов бар. 

 

[:]