[:kz]
Қуаныш Ысқақов есімді facebook қолданушысы өзінің жеке парақшасында қызықты бейнежазба жариялады. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бұл видеода Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мен жергілікті тұрғындардың бірінің қысқаша әңгімесі түсіріліпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазбада ашулы тұрғын облыс әкімінің нысандардың бірін аралауына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізбей, көшелерді жауып тастағанына ренішін білдірген. Ол қаладағы мекемелердің бірінен шабармандарын шұбыртып шығып келе жатқан әкімнің алдына барып осы мәселені төтесінен бір-ақ қойған.
«Саламатсыз ба, апай! Сіз бе Қызылорданың әкімі? Сіз бе, келе жатырмын деп жолды жаптырып жүрген!? Жолды жауып тастағандықтан жаяу келдік ауруханаға. Ханның қызысыз ба? Неге өйтесіздер, халықты қорлап. Халық әбіржіп жатыр. Халықтың жайын білігіңіз келсе, жаяу жүріңіз бізге ұқсап. Міне, Қызылорда облысының әкімі осындай. «Келе жатырмын» деп жолды жаптырып тастайтын», — дейді кадр сыртындағы дауыс.
Бір қызығы, Гүлшара ханым дәл мұнда оқыс кездесу болады деп күтпеген секілді.
«Иә, иә! Жаптырған жоқпын!, Ашыңдар!» деуге ғана шамасы жеткен. «Жаяу жүруден шаршадық!», — деп ренішін айтқан тұрғындармен тілдесіп, мән-жайды түсіндіріп жарытпайды. Бірден есік пен төрдей қара көлігіне мініп көзден ғайып болады. Артынан көмекшілері мен әкімдік қызметкерлерінен құралған шабармандар тобы жанұшырып ере жөнелгенін байқауға болады. Қызылордалықтар «бұл не ханның қызы ма, өзі?» деп қала берген.
Аталмыш жазбаның нақты қашан әрі қай жерде түсірілгені белгісіз.
Бейне жазбадағы белгісіз әйелдің тірлігі басында айтып өткеніміздей, қызу талқыға түсіп жатыр. Көбі «мәселені дұрыс көтерді, әкім халықтан биік емес!» деп қолдау білдірген. Тіптен, «біреуі жазбадағы әйелдің фотосы жоқ па екен, тапсам аватарыма қояр едім» деп пікір қалдырыпты.
Сол секілді, Берді Өтебай есімді адам «тірілей сойдың, апа! Әкім деген ХАЛЫҚтың құлы, бірге болу керек!», — деп жазба қалдырған.
Сандуғаш Тұрлыбекова — Қызылорда облыс әкімі, жолды аштырыңыз, сіз келеді деп Жаңақорған жолын неге жабады? Халықты қорлауды қашан тоқтатасыздар?
Жұлдыз Әбдіқановна — Ол әкім сонда президентпен бірдей ме екен? Қатын әкім болса осы да. Келе жатқан машинасын таспен ату керек еді
Өтепов Нуомухан — Тап әкім көшені жабыңдар демейді ғой
Есімбек Ақжолов — Дұрыс жасаған екен, ханның қызы ма? Ол әкім кімге керек, жолды жауып!
Тағы да оқыңыздар:
[:]