АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Игерілмей қалған үш мың грант қажет мамандықтарға қайта бөлінеді[:]

[:kz]

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қосымша гранттардың бөлінетінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Өкінішке қарай, конкурсқа қатысқандардың ішінде грантқа түспегендер де бар. Алдағы уақытта бекітілген тәртіппен үкіметтің тиісті қаулысына өзгеріс енгзіледі де, қосымша үш мыңнан астам грант басым бағыттар бойынша тағайындалады», — деді Жақыпова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қосымша гранттар техникалық, педагогикалық және жаратылыстану мамандықтары бойынша беріледі.

”Сонымен, биылғы конкурсқа бөлінген 53 785 грант бар. Оған қоса, Президент тапсырмасы бойынша берілетін 5 мың грант бар. Жергілікті атқарушы органдардың есебінен жыл сайын кемінде үш мың грант беріледі. Сондықтан конкурсқа қатысқан 64 452 талапкердің басым бөлігі грантпен қамтылады”, — деп атап өтті Жақыпова.

 

 

[:]