АЛТЫНОРДА
Новости КазахстанаСпорт

[:kz]Игорь Сон: Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін [:]

[:kz]

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды. Олимпиадада ол өзінің жеке рекордын жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz. «Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын.  Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар. Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғаланы кері әсер етті. Барлығы таза болуы керек. Рахмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан», — деді Игорь Сон.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде жеңіп алғанын жазған едік. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 394 келіні көрсетті. Алтын медальды әлем рекордын жаңартқан қытайлық Ли Фабин иеленді. Оның көрсеткіші — 313 келі. Күміс жүлдені 302 келіні көтерген индонезиялық Эко Юли Ирован еншіледі.

kaz.nur.kz/

[:]